Ақтөбеде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов «Ақтөбе» жергілікті телеарнасында тұрғындарға облыстық штабтың шешімін хабарлады. Оның айтуынша, 12 мамырдан бастап ХҚО-лар жұмысын бастайды.
«Жеке куәлік, паспорт беру жұмысы басталады. Бұл көп адамның өтініші болды. Алматы ауданы әкімдігіндегі және қаланың Тургенев көшесіндегі бөлімше жұмысын жандандырады. Аудандарда да орталықтардың жұмысы басталады. Санитарлық норма сақталуы тиіс. Негізі, қызметтің 80 пайызы онлайн жүреді. Қала және аудан әкімдіктерінде, ірі сауда орындарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын ашуға тапсырма берілді», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Айта кетейік, 11 мамырда Нұр-Сұлтан - Ақтөбе – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша әуе рейсі жанданды. 12 мамырдан бастап Алматы - Ақтөбе - Алматы бағыты бойынша рейс ашылады.


Соңғы жаңалықтар