Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету бұрышы ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады. Сонымен бірге орта мектептерде қызмет көрсету бұрышы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының әкімдігі «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ Ақтөбе облыстық филиалымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін қызметтің қолжетімділігін арттырды. Ол үшін Ақтөбе қаласының әкімдігі, Астана ауданының, Алматы ауданының әкімдіктері, кәсіпкерлік нысандарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласының барлық мектептерінде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылды.

«Әкімдіктер, супермаркеттер және кейбір мектептеріндегі өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы электрондық цифрлық қолтаңба және басқа да қызметтерді алуға жайдай жасалған. Компьютерлер қажетті veb камерамен жабдықталған. Кейбір мектепте камера жоқ. Тұрғындар онда ХҚКО-ның басқа да қызметтерін алу үшін жолығады алады», - деді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін Ақтөбе қаласындағы екі жерде Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады. Мұнда жеке куәлік, паспорт алуға болады.


Соңғы жаңалықтар