Ақтөбеде халықаралық тасжолға жасанды кедергілер төселді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық дәлізіне жасанды кедергілер жасалды. Жолдағы қауіпсіздікті күшейту әрі қарай жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарға жасанды кедергі жасау тапсырмасы берілді. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жасанды кедергісі бар жерде ауыл, жүргіншілер жолы жақындағанын ескертеді. Тіпті, рөлде қалғып отыратын жүргізушілерді оятады», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық дәлізінің Ақтөбе-Мәртөк-РФ Орынбор облысы аумағына бірнеше кедергі салды. Алдағы уақытта өзге бағыттағы жолдар да бақылауға алынады.

Соңғы жаңалықтар