+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ақтөбеде халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды

2021 жылғы 16 қыркүйек 01:45
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада жеңімпазы, ақтөбелік Рустам Валеев пен жүлдегер Ернар Батыржановқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құтықтау хат және бағалы сыйлық берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелде оқитын 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің ЖОО ауысты Ақтөбелік кәсіпкер 9 оқушысы бар ауылға мектеп салып берді Президент тапсырмасы: Алматыда сегіз мектеп салынып жатыр

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ел тарихында тұңғыш рет география пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Бұл олимпиада 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Ақтөбелік оқушы Рустам Валеев 46 мемлекеттен қатысқан 200 баланың арасынан үздік атанды.

Олимпиада Стамбұлда ұйымдастырылған. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс онлайн түрде өтті. Сондай-ақ​ Білім – инновация лицейінің 11-сынып оқушысы Ернар Батыржанов 18-23 шілде аралығында Португалияның Лиссабон қаласында онлайн өткен халықаралық биология олимпиадасында (IBO) жақсы нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Олимпиадаға 70 елден барлығы 300 оқушы қатысқан.
Кездесу барысында білім саласын дамыту, дарынды балалармен жұмыс істеу, оқушыларды пәндік олимпиадаларға даярлау сияқты өзекті сұрақтар талқыланды. Облыс әкімі балаларға сәттілік тіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT