Ақтөбеде халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
2022 жылғы 11 тамыз 17:52

Ақтөбеде халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 10 тамыз күні сағат 21:40 шамасында 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері масаң күйде тұрған күдікті азаматты тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде ер адамға Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу жариялағаны анықталады. Сондай-ақ, күдіктіге елімізде де Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасау) бойынша іздеу салынғаны белгілі болды.

Ұлттық ұланның хабарлауынша, күдікті дереу Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілген.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT