+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Ақтөбеде грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды

2021 жылғы 25 ақпан 20:58
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды. Жарыста Алматы облысының құрамасы бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокс: Жұлдыз Шаяхметова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Канада әйелдер хоккейінен әлем чемпионатын өткізуден бас тартты Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде бірінші орынға жақындады

Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды. Үш күнге жоспарланған чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және 14 облыстан 200-ден астам бозкілем шебері қатысты.

«Күрестің айла-тәселінің жоғары болғанын қалаймыз. Сондықтан еліміздің әр түкпірінен келген аға жаттықтырушыларды жинап, тағы бір кеңес өткіземіз. Негізі, былтырғымен салыстырғанда биыл көрсеткіш жоғары. Әлі де палуандарды ширата түсу керек. 77 келі салмақ дәрежесінде күрескен ақтөбелік Дәулет Жалғасовты ерекше атап кеткім келеді. Палуан өз бабында. Жалпы, Ақтөбе бес медаль алды. Әрқайсысы ұлттық құрамаға кіреді деп ойлаймын. Әділ Сисенбаевтың да көрсеткіші жоғары. Бұл жаттықтырушылардың жетісті, еңбегі», - деді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жаңабай Оспанов.

Палуандар 10 салмақ бойынша күресті. Жалпы командалық есепте Алматы облысы 1-орын, Ақтөбе облысы 2-орын, ШҚО 3-орын алды.

«Алматы облысынан көп палуан қатысты. Олардың салмағы басым. Деңгейі жоғары. Ақтөбелік палуандардың дайындығы мықты. Тек көрермен болмады, спортшылар демеуді сезінбеді. Өзіміздің қателігімізді ескеріп, жұмыс істеуді жалғастырамыз Үш алтын аламыз деген жоспарымыз болған еді», - деді Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Аманғазы Ізбай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT