Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Ақтөбеде грантқа түсіру үшін талапкерлердің балын әдейі жоғарылатқан

2018 жылғы 11 қыркүйек 16:04 214
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде грантқа түсіру үшін талапкерлердің балын әдейі жоғарылатқан

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында грантқа түсу балын әдейі жоғарылату фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары парамен ұсталды Ислам Әбішевке қандай айып тағылып отыр

«Тамыз айында колледждер мен ЖОО-дағы мемлекеттік грант бөлінісіне мониторинг жүргіздік. Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен колледждерде 4 мың тегін оқу орны бөлінген. Тексеріс кезінде кейбір колледж директорлары жекелеген талапкерлерге мемлекеттік грантты беру үшін балын әдейі жоғарылатқанын анықтадық. Тексеріс әлі жүріп жатыр, біз шара қарастырамыз. Әрбір колледжде осындай 3-4 дерек анықталып жатыр», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облыстық департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов.

Оның айтуынша, қамқоршылық кеңестің құрылғанына қарамастан, мектептерде әлі күнге ақша жинау дерегі жойылмай тұр. Жуырда ғана №5 мектепте ата-аналардан ақша жиналғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіге тараған болатын.

«Біз ақша жинау дерегіне шара қолданамыз. 11-сынып оқушыларынан ҰБТ-ға дайындау үшін 300-500 теңгеден ақша жинау фактілері бар. Бұл заңға қайшы, біз мұндай әрекеттерді заңсыз деп тану туралы ұсыныстар енгізіп жатырмыз», - дейді Р. Бисенов.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT