Ақтөбеде «ГАЗельмен» соқтығысқан автобус аударылып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Бауырластар ауылына қатынайтын автобус аударылып қалды. Екі жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жолаушыларға жедел көмек қажет болды. Қала маңындағы ауылға қатынайтын қоғамдық көлік «ГАЗельмен» соқтығысып, салдарынан автобус аударылып қалды.

«Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, екі науқасқа көмек көрсетілді. Зардап шеккен адамдар жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық полиция қызметі қазір тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Автобус ішінде жүргізуші, кондуктор және төрт жолаушы болды. Екі жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті. Бастапқы мәлімет бойынша, «ГАЗель» көлігі автобусқа соқтығысып, қоғамдық көлік аударылған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар