Ақтөбеде гараж ішінде тұрған көлік жарылып, бір адам ауруханаға түсті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көлік жарылып, кейін жанып кетті. Қазір бір адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Ақтөбе қаласындағы Әуе қалашығы ауданында гаражда тұрған көлік жарылды. Сол сәтте гараж опырылып түскен.
«Хабарлама түскен кезде №2 және 3 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жіберілді. Жарылыстан соң көлік жанған. Көрші тұрған гараж да отқа оранған. Барлығы 21 адам мен 5 техника барды. Арада 20 минут өткенде өрт сөндірілді. Өрт кезінде 49 жастағы ер адамның күйік шалғаны анықталып, ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір күйік шалған ақтөбелік облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның беті мен қолы 25 пайызға күйіп қалған. ТЖД қызметкерлері жарылыс себебін анықтап жатыр.
Айта кетейік, көлік сұйытылған газбен жүрген.
- Павлодарлық полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
- Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған
- Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты
- Елордада жоғалған жасөспірім табылды
-
Беларусь Атом-электр стансасының 1-энергоблогы желіден ажыратылды
-
Қарағандыдағы көпқабатты үйде 7 адам иіс тиіп уланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам