Ақтөбеде гараж бен көлік өртенді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде гараж жанып, ішінде тұрған көлік те өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық өрт сөндіру бөліміне бүгін сағат 18:50-де жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Жеке құрам оқиға орнына барған кезде үй емес, гараждың жанып жатқанын көріп, бірден өртті сөндіруге кірісті.
«Гараждағы BMW маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар жанып жатқан гараждан 3 газ баллонын шығарды. Арада бір сағатқа жуық уақыт өткенде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккен адам жоқ», -деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар