+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард» филиал директорына іздеу жарияланды

2020 жылғы 24 ақпан 19:04
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард» филиал директорына іздеу жарияланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Гарант 24 Ломбард» ЖШС–нің филиал директорына іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы «Гарант 24 Ломбард» қаржылық ұйымына қатысты Қылмыстық кодекстің 217- бабы, 3-тармағы, 1-тармақшасына сәйкес, яғни «Қаржы пирамидаларын құру және басқару» бабымен іс қозғалды.

«Қаржы пирамидасының әдісі бойынша тез пайда табуды ұсынды, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен автокөлікті нарықтағы құнынан 30% қымбат бағаға сатып алатынын айтады. Кейіннен мүлікті нарықтық бағадан 30 пайызға арзандатып сатып отырған. Сонымен қатар әрбір клиент үшін салымшыға салым сомасының 5% қосып отырды. Тексере келе «Гарант 24 ломбард» ЖШС-і Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан азаматының атына тіркелгені анықталды.Қазір компанияның облыстық филиал директоры іздестіріліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, тек Ақтөбе облысында 10 мыңнан астам адам осы қаржылық ұйымға ақша салған. Ғимарат ішінен оргтехника құралдары, сондай-ақ азаматтар мен «Ломбард 24 гарант» ЖШС арасындағы 11 мыңға жуық келісімшарт табылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT