Ақтөбеде этномәдени бірлестік өкілдері марапатталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан – достық мекені» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Бірлік» ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері қатысты. Ұлттық киім көрмесі көрсетіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының

«Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» халықтық экспедициясы« жалпы республикалық жобасы негізінде жасалған бес сериялы фильмнің тұсаукесері көрсетілді.
»30 жыл ішінде егеменді еліміз дамып, бүгінде бейбітшілік елшісі ретінде танылды. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалау, қабырғасын қалыптастыру, шаңырағын көтеру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі десек, сол шаңырақтың шайқалмай, босағасы берік, керегесі кең болуына өздеріңіздің қосқан үлесіңіз зор екені сөзсіз. Өйткені қазақ елі бүгін бір шаңырақтың астындағы түрлі этнос өкілдерінің достығы мен өзара ынтымақтастығының әлем мойындаған теңдесі жоқ символына айналды. Біздің мақсатымыз – өңірімізде тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді ұдайы, әрі тұрақты түрде дамыту. Отанымыздың кемелді келешегі мен баянды болашағы үшін адал қызмет жасайтын жас буынды тәрбиелеу. Бір ұлт - бір тіл, яғни мемлекеттік тілді игеру - елдің болашағына деген сенімнің шынайы көрінісі екендігін ұдайы дәріптеу баршамыздың азаматтық борышымыз«,- деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
Содан кейін өңір басшысы облыстағы бірқатар этномәдени бірлестікке бейбітшілікті, төзімділік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.
Айта кетейік, қазіргі таңда Ақтөбе облысында 90-ға жуық ұлт өкілі тұрады.

Соңғы жаңалықтар