Ақтөбеде ескі гараждан граната табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде гараж кооперативінен граната табылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Авиатор-3» кооперативінде орналасқан ескі гаражды бұзу кезінде граната табылды. Ақпарат түскен бойда оқиға орнына арнайы қызмет мамандары жіберілді.

«Арнайы бөлімше саперлері табылған затты болжам бойынша «Ф-1» әскери гранатасы екенін анықтады. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Полиция гараждың бұрынғы иесін іздестіріп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, бірден Қылмыстық кодекстің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Ақтөбеде жолаушылар автобусынан граната табылды. Оқиға орнына тиісті мамандар шақырылып, жарылғыш зат қауіпсіздендірілді. Шекарашылар қауіпті заттың иесін анықтап, ұстады. Ол осы автобуспен келе жатқан, 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы болып шықты. Оқиға «Орынбор – Ақтөбе» бағытындағы шекара бекетінде тіркелді.


Соңғы жаңалықтар