+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ақтөбеде есірткі тұтынып, рульге отырған банк қызметкері ұсталды

2021 жылғы 21 маусым 14:33
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде есірткі тұтынып, рульге отырған банк қызметкері ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полицейлер есірткіге елітіп, рульге отырған екі жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында дәрігер тапшылығы жоқ – Руслан Хамбаров Ақтөбе облысында 489 бала КВИ жұқтырды Ақтөбеде 243 келі есірткі тәркіленді

Ақтөбе қаласындағы Ш.Қалдаяқов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері банктердің бірінің менеджері рульде отырған «Daewo Nexia» автокөлігін тоқтатты. 26 жастағы жүргізуші бұған дейін де көлік құралын басқару құқығынан айырылған, «каннабиоидтарды» пайдаланып, мас күйінде көлікті басқарған.
«Сол күні Бөкенбай батыр көшесіндегі «Дастан« қонақ үйіне қарама-қарсы бетте полиция қызметкерлері 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-21140« автокөлігін тоқтатты. Ол да бұрын көлік құралын басқару құқығынан айрылып, автокөлікті есірткіге масаң күйде көлік басқарған. Екі дерек бойынша да Қылмыстық кодекстің «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы« бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT