Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысқан деструктивті діни ағым өкілі сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтап, сатқаны үшін 36 жастағы қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері өңірде ұзақ уақыт бойы есірткіні сақтаумен және өткізумен айналысқан адамның жолын кесті.

«Оның өз үйінде аса ірі мөлшерде марихуана мен гашишті заңсыз сақтағаны және сатқаны анықталды. Есірткі заттарын сіріңке қорабына салып, жеке тұтынушыларына сатқан. Қылмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша іс қозғалып, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ербола Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар