Ақтөбеде ерлі-зайыптыны көлік қағып, екеуі де көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ерлі-зайыпты жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болған кезде оларды көлік қағып кетті. Екеуі де қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Мұхтар Арынов көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. «Hyundai Solaris» маркалы автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Арынов көшесі бойында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан ерлі-зайыптыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы келіншек сол жерде көз жұмды. Ал 29 жастағы күйеуі Жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ол да алған жарақаттарынан көз жұмды.
«Көлік жүргізушісінің көлік басқару куәлігін 2020 жылдың соңында алғаны анықталды. Аталған факті барыша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мұндай жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жүргізуші мен жаяу жүргінші жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші әрдайым жаяу жүргінші жолдың жүріс бөлігіне кенеттен шыққан жағдайда әрекет ете алатындай жылдамдықпен қозғалуы тиіс. Өйткені жол бойында балалар да болуы ықтимал», - деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында жаяу жүргіншілер өткелінде 12 ЖКО болды. Онда 2 жаяу жүргінші мерт болып, 13 адам дене жарақатын алды.


Соңғы жаңалықтар