Ақтөбеде ересек халықтың 64 пайыздан астамы вакцина салдырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде вакцина салдырдыра алатын тұрғындардың 64% иммундау шарасына қатысты. Облыста 338 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін де қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында бір тәулікте бір ғана адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі кезде 44 адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

Оның 9-ы жансақтау бөлімінде.

Дәрігерлер бір адамды өкпені жасанды желдету аппаратына қосып қойды.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 баланың екеуі стационарда ем қабылдап жатыр. Сонымен бірге 3 жүкті келіншек те дәрігерлер бақылауында. Қазіргі кезде инфекциялық төсек-орын жүктемесі 23%, ал жансақтау бөліміндегі жүктеме 24% құрап отыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, бүгінге дейін өңірге 938 мыңнан астам вакцина жеткізілді.

364 мыңнан астам адам бірінші, ал 338 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін де қабылдады.

«Вакцина қабылдауға мүмкіндігі бар тұрғындардың 64% иммундау шарасына қатысты. Ал Pfizer вакцинасы туралы айтар болсам, 4087 адам салдырды. Оның 2500-ден астамы жасөспірім. Сондай-ақ 10 мыңнан астам адам ревацинациядан өтті», - деді Бекболат Ізбасаров.


Соңғы жаңалықтар