Ақтөбеде ерекше қыз бала дүниеге келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының перинаталдық орталығында ерекше ірі қыз бала дүниеге келді. Сәбидің салмағы 6 келі, 350 грамм деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 шілдеде дүниеге қыз келді. Сәбидің салмағы 6 келі 350 грамм, бойы 63 сантиметр. Табиғи жолмен босандырып алдық. Қазіргі уақытта анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Ол отбасындағы алтыншы бала», - деді Ақтөбе перинаталдық орталығының қызметкерлері.

Ақтөбеде мұндай ірі баланың тууы алғаш рет болып отыр. Ол - Ринат Тастанбеков пен Бибігүл Байболатованың отбасында бес ұлдан кейін туған алғашқы қыз бала.

Соңғы жаңалықтар