Ақтөбеде ер адамды өлтірді деген күдіктіге іздеу салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ер адамды өлтірді және пышақпен жарақаттады деген күдіктіге іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысының полиция департаменті 1987 жылы туған Қанат Сексенбайұлы Заировты іздеп жатыр. 2019 жылғы 22 шілдеде ол Заречный-1 кентінде екі ер адаммен отырып, оларды пышақтаған. Соның бірі қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілген», - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Іздеу салынған ер адамның белгілері – бет-келбеті азиялық, түрінен 40-42 жастарға ұқсайды, арықтау келген, бойы 170-175 см, шашы қара. Үстіне сұр тенниска жейде, қара трико, қара кроссовка киген. Ерекше белгілері: оң аяғын ақсаңдап басады.


Авторы: Самал Ендібаева

Соңғы жаңалықтар