Ақтөбеде ер адамды құлдықта ұстаған шаруашылық басшылары қамауға алынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ер адамды күштеп ұстап, жұмыс істеткен шаруашылық басшылары ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде 49 жастағы ер адам ақпаннан қарашаға дейін құлдықта болған. Ал бұл уақытта оны туған-туыстары, полиция іздеген.

«Қылмыстық іс «SТOP трафик» шарасы кезінде ашылды. Шара алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанның ішкі істер министрліктерімен бір мезетте өткізілді. Жедел-алдын алу шарасы кезінде төрт елде 95 қылмыстық іс тіркелді. Қазақстандық полиция 67 іс тіркесе, оның 14-і - адам саудасымен, екеуі - кәмелет жасына толмағандар саудасымен, 7 дерек жезөкшелік қызметпен байланысты», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Жеңгетайлық пен жезөкшенің қызметін ұсыну дерегі де тіркелді. Жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік берген нысан иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, полиция құжатсыз жүрген 19 адамды бөлімшеге әкелді. Олардың 10-ы - Өзбекстан, 7-і - Қазақстан, екеуі - Қырғызстан азаматы.

 

 

Соңғы жаңалықтар