Ақтөбеде ер адам жедел жәрдем фельдшерін ұрып тастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ер адам кешігіп келген жедел жәрдем фельдшерін ұрып тастады. Таяқ жеген фельдшер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 ақпан күні сағат 03:36-да 32 жастағы әйел жедел жәрдемге қоңырау шалып, кеуде тұсы ауырып тұрғанын хабарлаған. Жедел жәрдем қызметі шағырту түскен мекенжайға 03:47-де барды.

«Жедел жәрдем бригадасы барған кезде оларды 27 жастағы ер адам күтіп алған. Оның ішімдік ішкені белгілі болды. Ал науқас әйел кеуде тұсы ауырып жатқанын айтқан. Науқасты тексеру кезінде ер адам ұзақ күтіп, телефонға дұрыс жауап болмағанын ескертеді. Ал науқастың жеке куәлігін сұраған кезде ер адам фельдшерді басымен ұрған. Оқиға орнына полиция шақырылғанда ғана 32 жастағы әйелді қарап, көмек беруге мүмкіндік болды. Барлық жағдай бейнекамераға түсірілді. Ал оқиғадан соң жедел жәрдем бригадасы полицияға арыз түсіріп, өздері де ауруханада ем қабылдады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жедел жәрдем бригадасы жеткенше ер адам қоңырау шалып, диспетчерлерді балағаттаған. Ал жедел жәрдем қызметі осындай жағдайлар маман тапшылығын тудыратынын айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар