Ақтөбеде ер адам стоматология әкімшісін кепілге алып, әйелін жеткізуді талап етті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде кеше кешкі сағат 19:00-де қаладағы стоматологиялардың бірінде төтенше жағдай тіркелді. 24 жастағы жігіт стоматология әкімшісін кепілге алды. Қылмыскер полиция қызметкерлерінен бұрынғы келіншегін әкелуді талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Ақтөбе қаласындағы Ә.Молдағұлова даңғылында орналасқан стоматологиялардың бірінде әкімші кепілге алынды. 24 жастағы ер адам сол жерге бұрынғы келіншегі жұмыс істейтінін біліп, әдейі іздеп барады. Таппаған соң 1991 жылғы азаматшаны ұстап алып, «әйелімді әкеліңдер, болмаса кепілдегі адамды өлтіремін» деп қорқытқан. Айта кетейік, ерлі-зайыптылар 7 наурыз күні ажырасқан екен. 24 жастағы ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған. Еш жерде жұмыс істемеді.

«Кеше сағат 15:00-де қылмыскер бұрынғы әйелін өлтіру үшін оның туыстарының үйіне барып, енесін пышақтаған. Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», «Қару қолданып адамды кепілге алу» баптары бойынша іс қозғалды. Облыстық Ішкі істер департаменті мен Ішкі істер басқармасы Ақтөбе қаласының прокурорларымен бірлесе 5 сағат бойы келіссөз жүргізді. Кепілге алынған адамның өміріне шын мәнінде қауіп төнді. Қылмыскер келісімге келуден үзілді-кесілді бас тартып, оқиға орнына жеткен туған-туыстарымен тілдеспеді»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі. Қылмыскер әйелін әкелуді талап етіп, оны өлтіруді бұрыннан жоспарлап жүргенін жариялаған.

null

Айта кетейік, тұтқындағы адамды құтқару үшін құқық қорғаушылары түн ортасында арнайы операция жүргізіп, әр минут сайын адам өміріне қауіп төндірген қылмыскердің көзін жойды. Арнайы операция кезінде кепілге алынған стоматология әкімшісі дәрігерлер мен психологтардың көмегіне жүгінді.

null  



Соңғы жаңалықтар