Ақтөбеде емделушісі пышақтаған дәрігерге ота жасалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы емхананың дәрігері Дмитрий Бабичті емделушісі пышақтап, ауруханаға түсті. Дәрігер емделушісінің пышақты пакетке салып келіп, лезде сұғып алған айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы отбасылық емхананың тәжірибелі дәрігері Дмитрий Бабичтің жұмысқа кіріскеніне әлі бір жыл толмаған. Ол оқиға болатын күні адам қабылдап, емделушілеріне кеңес, бағыт беріп отырған. Бір кезде өзіне бұрын қаралған қала тұрғыны келіп, еш сөзге келместан оған пышақ сұғып алған. 

null«Емделуші әдеттегідей қабылдауға кіріп, мен оның жағдайын сұрадым. Себебі, одан бүйрек ауруы анықталып, қосымша анализдер тапсыруға жолдама берген болатынмын. Нақты диагноз қойған соң оны тіркеуге алып, ем жүргізу жоспарланды. Сол кезде жаныма келіп, бірден қолындағы пакеттен пышақ алып, сұғып алды.Оны итеріп жіберіп, сыртқа шығып үлгердім. Емхана қызметкерлеріне дереу полицияға хабар беріп, жедел жәрдем шақыруды сұрадым»,- деді ем қабылдап жүрген дәрігер Дмитрий Бабич.
Дәрігер жедел жәрдеммен теміржол ауруханасына жеткізіліп, ем қабылдады. Ауруханада шағын ота жасалды. Себебі, пышақ іш құрылысын, қолын жеңіл кесіп кеткен. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал облыстық ІІД осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», " Қылмысқа дайындалу және оқталу" баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады. 

Соңғы жаңалықтар