Ақтөбеде екпе жасалмаған балалар саны артып келеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша 2590 балаға екпе жасалмаған. Ата-аналардың бас тартуы 2018 жылы да тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеліктердің өмір сүру ұзақтығы 73,6 жасқа жетті. Жыл өткен сайын қала тұрғындарының саны артып, ауыл халқы азайып келеді. Өткен жылы туу көрсеткіші 2 пайызға артты. Өңірде бір жыл ішінде 126 мыңнан астам адам дәрігерге қаралып ем алса, оның 33 мыңнан астамына ота жасалды.

«Өлім көрсеткіші бойынша жүрек-қан тамырлары ауруы, өкпе-тыныс аурулары мен асқазан дерті алда тұр. Ана мен баланың денсаулығын қорғауға да көп көңіл бөлінеді. Өкінішке қарай, өткен жылы 1 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім көрсеткіші артып отыр. Қобда, Мұғалжар, Байғанин аудандарында жиі тіркелді. Біріншіден - ұрықтың жетілмеуі, әйел денсаулығының нашарлығы, екіншіден - туабітті ауру, үшіншіден - жұқпалы-паразитарлық аурулар себеп. Кейде дәрігерлер УЗД кезінде дертті анықтай алмай жатады. Облыстық перенаталдық орталықтың клиника-диагностика орталығында УЗД жасау орны ашылады. Жеке компаниямен келісім жасалды, наурсыз-сәуір айында жұмысқа кіріседі», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Ақтөбеде қатерлік ісіктің алдын алу мақсатында қосымша скрининг іске қосылды. 55 жастан асқан, 30 жылдан астам уақыт бойы темекі тартып жүрген адамдар тексеріледі. Себебі, өткен жылы өкіпедегі қатерлі ісіктен 93 адам көз жұмды. Әрі екпеден бас тартқандар саны артып отыр.

«Ақтөбе облысы бойынша 2590 балаға екпе жасалмады. Олардың саны тағы 59 балаға артып отыр. Темір, Мұғалжар, Байғанин, Алға, Шалқар, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында мәселе бар. Екі жыл бұрын арнайы штаб құрылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олармен кездесуден соң екпе алып жатыр. Бірақ жаңа босанған аналар кейде баласына екпе жасатудан бас тартады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне мәжбүрлеп вакцинациялауды ұсынған едік. Қазір тек халыққа түсіндірумен шектеліп жүрміз», - деді Әсет Қалиев.

null null

Соңғы жаңалықтар