Ақтөбеде экономикалық тергеу департаментінің 2 қызметкері парамен ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе қалалық мамандандырылған тергеу соты 9 қыркүйек күні ҰҚК облыстық департаментінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санциялау өтінішін қанағаттандырды. Ә.Құрмашев пен Ж.Қонысов Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы 4-бөлігімен күдікке ілігіп, екі ай қамауға алынды. Күдіктілер тергеу жұмыстары аяқталғанша уақытша тергеу изоляторында отырады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар