Ақтөбеде экономикалық тергеу депаратаментіне жаңа басшы келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық экономикалық тергеу департаментіне Жеңіс Елемесов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сәлтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппараттық жиында жаңа лауазым иесін таныстырды.

41 жастағы Жеңіс Елемесов жоғары білімді. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Ресей халық шаруашылық және РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академияларының түлегі.

Еңбек жолын Алматы облысы бойынша қаржы полициясының экономикалық қылмыстарды анықтау басқармасында инспектор болып бастаған.

Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу басқармасының бөлім басшысы, Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті арнайы басқарма басшысының орынбасары – жедел қызмет бөлімінің басшысы, Астана қаласы бойынша қаржы полициясы бастығының орынбасары, Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті сотқа дейінгі тергеу, Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің тергеу департаменттернің басшысы болып қызмет атқарған.

Облыс әкімі Жеңіс Елемесовтің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жұмысты абыроймен атқарады деген сенімін білдірді.

Соңғы жаңалықтар