Ақтөбеде екібасты бұзау туды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылында екібасты бұзау туды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комсомол ауылында екібасты бұзау туды. Мал иесінің айтуынша, туыстық будандастыру болған. Оқиға кеше тіркелді», - деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанадбаев.

Айта кетейік, екібасты бұзау тірі қалмады. Жергілікті мал дәрігері төлдеу кезінде қатысты.

Соңғы жаңалықтар