Ақтөбеде екі үй жанып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі үй жанып, үшінші үйдің шатыры өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы Заречный-1 елдімекеніндегі Орталық көшеде орналасқан үйден өрт шыққаны туралы хабарламадан соң мамандар бірден оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер жеткен кезде үш үйдің отқа оранғаны анықталды.

«Өрт сөндірушілер жедел қимылдағанымен екі үй толық жанып кетті. Ал үшіншісінің шатыры өртенді. Барлығы 26 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы – 290 шаршы метр. Зардап шеккен адам жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар