Ақтөбеде екі қызды пышақтаған күдікті зират маңынан табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі адамды пышақтап, қашып кеткен күдікті ұсталды. Оны зират маңындағы далалы алқаптан тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 28 жастағы Азамат Кальменов екі адамды пышақтап кеткен еді. Оның бірі жүйті әйел, екіншісі – өзінің сүйіктісі.

«Оқиға тамызда болды. Екі адамды пышақтаған күдікті қашып кеткен болатын. Полиция іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізді. Кейін туысының құрылысы бітпеген үйінің шатырында жасырынғаны белгілі болды. Полиция іздеп барғанда оның кетіп қалғаны анықталды. Сөйтіп, қалаға іргелес ауылға жақын жердегі зират маңынан ұсталды», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір тергеу жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар