Ақтөбеде екі қызды пышақтаған күдікті іздестіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы маңындағы Құршасай ауылында екі қызды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 11:00 шамасында болған. Екі қыздың пышақталғаны туралы ақпарат «102» телефон нөміріне келіп түскен.
«Күдіктінің кім екені анықталды. Ол пышақ жарақатын алған қыздардың танысы болып шықты. Бір-бірін жек көрген. Қазір жедел-іздестіру шарасы өтіп жатыр. Күдіктінің жүйке аурулары ауруханасынан қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ведомство мәліметіне сәйкес, күдікті Азамат Кальменов 28 жаста.

Ақтөбе облыстық медицина орталығынан хабарлағандай, екі науқасқа ота жасалды, жағдайлары тұрақты. Пышақ бірінің арқа тұсына тиген.

Соңғы жаңалықтар