Ақтөбеде екі күннен кейін ТЖ режимі аяқталуы мүмкін – облыс әкімі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Екі күннен соң Ақтөбеде төтенше жағдай режимі аяқталуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында әкімдік ғимаратынан өзге нысан бүлінген жоқ. Ал облыс әкімдігінің шығыны әзірге 300 млн теңге деп бағаланып отыр.

«Қазір шығын көлемі анықтап жатыр. Огртехника бүлінді. Есік-терезе сынған. Тіпті асханада қасық-шанышқыны алып кеткен. Баспасөз қызметшісінің алдындағы кітаптарға тиіспеген, бірақ компьютері бүлінген екен. Мемлекеттік қызметкерлердің жеке заттары да жоғалып кеткен. Телефон, сағаты бар», - деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Сонымен бірге облыс әкімі төтегше жағдай режимін алып тастауға қатысты өз пікірін білдірді.

«Төтенше жағдай режимі Мемлекет басшысының бұйрығымен енгізілді. Өңірдегі жағдайды ескеріп, Мемлекет басшысына екі күннен соң төтенше жағдай режимін алып, еркін қозғалысқа рұқсат беруді сұрап, өтініш бердім. Шектеу қала тұрғындары үшін қиындық тудыратынын білемін. Әкімдік жанындағы бизнес нысандары да жұмысын жалғастырар еді. Дегенмен қауіпсіздік күшейтіледі», - деді Оңдасын Оразалин.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай аяқталғанымен, блокпосттар жұмысын жалғастыра береді.


Соңғы жаңалықтар