Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Ақтөбеде екі қолынан айырылған оқушының отбасына үй берілді

2019 жылғы 14 наурыз 11:35 334
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде екі қолынан айырылған оқушының отбасына үй берілді

ШАЛҚАР. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының әкімдігі екі қолынан айырылған Дамир Фактулиннің отбасына үй берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Ashyq Júrek» қайырымдылық жобасы басталды Ерейментаудағы қайырымдылық балында 900 мың теңге қаржы жиналды

Шалқар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «Қамқорлық» акциясы аясында аудан әкімі Бауыржан Қаниев электр тогына түсіп, екі қолынан айырылған Дамир Фаткулиннің анасы Гүлмира Фаткулинаны жеке қабылдады. Отбасының пәтер кезегінде тұрғаны ескеріліп, орталықтандырылған су құбыры, газы бар 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

«Аудан бізге үй берді. Үйіміз өте жайлы. Қазір ұлым Дамир ауызша сабаққа қатысып жүр. Баламды сауықтыру орнына апарып, денсаулығын жақсартып алғым келеді. Қолына 1-2 жыл өтпей протез салынбайды. Әлі де ауырып, іріңдеп тұр. Дәрігерлердің бақылауында болады. Қаржы жинап, протезді Ресейде салдырғымыз келеді», - деді Г.Фактулина.
Ақтөбеде екі қолынан айырылған оқушының отбасына үй берілді 

Еске салсақ, Дамир Фактулин трасформатордың ішіне кіріп, екі қолы күлге айналды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, мектеп директорының орынбасары мен электрик кінәсіз деп танылды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT