Ақтөбеде екі ер адам суға батып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде белгіленбеген жерге суға түскен екі адам өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірі Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болды. Энергетик бау-бақша ұжымы маңындағы Елек өзеніне түскен Ақтөбе қаласының тұрғыны судан шықпай қалған.

«Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен екі адам және үш техника жіберілді. Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны мас күйінде суға шомылған. Жанында үш адам болған. Құтқарушылар оның мәйітін үш сағаттан соң 3 метр тереңдіктен алып шықты», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінің шомылған ер адам да суға батып кетті. Ол да белгіленбеген жерге барып, мас күйінде шомылған. Құтқарушылар оның денесін 3,5 метр тереңдіктен тапты.


Соңғы жаңалықтар