Ақтөбеде екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін қала әкімінің көмекшісі, аппарат жетекшісі болған Нұрлан Күнтуов жастар басқармасын басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне Гүлқасима Сүйінтаева тағайындалды.
null

«Гүлқасима Сүйінтаева 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Халықаралық академияны тәмамдаған. Мамандығы - экономист, іскер әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 1993 жылы №1 Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің орталықтандырылған есепшісі қызметінен бастады. Әр жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі, Медициналық қызметтерге төлем жасау орталығының облыстық бөлімшесінің директоры, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі таңға дейін Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысы болып еңбек етті»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ал бұған дейін қала әкімі Ілияс Испановтың көмекшісі, қала әкімінің аппарат жетекшісі болған Нұрлан Күнтуов енді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманы басқарады. Жастар ісі облыстық ішкі саясат басқармасының бір бөлімі болса, алдағы уақытта өз алдына мекемеге айналып, құрамы жасақталады.

«Нұрлан Күнтуов 1982 жылы Ақтөбе облысында туған. Білімі жоғары, Қазақ-орыс халықаралық университетін заңгер және «Тұран-Астана» университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.
null

«Рика ТВ» телеарнасының бағдарлама бөлімі басшысы, Ақтөбе облыстық сотының іс жүргізушісі, жетекші маманы, ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы, стратегиялық әзірлемелер және талдау бөлімінің сарапшысы, ҚР Жоғарғы сотының Көпшілікпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы хатшылығының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі құжат айналым секторының бас консультанты-басшысының көмекшісі болып қызмет атқарды»,- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар