Ақтөбеде екі басқармаға жаңа басшы келді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде облыстық мәдениет және жол жөндеу басқармаларының басшылары ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше өңірдегі бес ауданның әкімі тағайындалған болатын. Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қаулысымен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметіне Нұрхан Кенжебайұлы Қадырбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығына Мәлімбет Ерғалиұлы Ибрашов тағайындады.
null

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрхан Қадырбаев 1986 жылы туған. 2008 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрының әртісі болып бастады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік клубының көркемдік жетекшісі, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры басшысының орынбасары, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры қызметтерін атқарған.
null

Ал Мәлімбет Ибрашов 1970 жылы туған. Алматы экономика және статистика институтын, Л. Б. Гончаров атындағы қазақ автомобиль және жол университетін, Халықаралық бизнес академиясы оқу орындарын аяқтаған. Еңбек жолын 1989 жылы Орынбор облысы Ақбұлақ совхозының құрылысшысы болып бастаған. Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы, Қарғалы, Әйтеке би аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.
null

Облыс әкімі басқармалардың жаңа басшыларына өңірдің дамуына үлес қосу және жұмысты сапалы атқару жөнінде тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар