Ақтөбеде екі бала ыстан уланып, ауруханаға түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 9 және 13 жасар екі бала ыстан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі бау-бақша ұжымында тұратын бір отбасының екі баласы ыстан уланған.

Қазір екі оқушы балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы - орташа ауыр.

Облыстық ТЖД оқиға тіркелген үйге барып, тексеру жүргізді. Алдын ала белгілі болғаны - мұржада ақау бар.

«Төтенше жағдайлар қызметі тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға, пешті алдын ала жылыту маусымына дайындап, жарықты бітеп қоюға кеңес береді. Оқиға орнына барып, тағы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Әрі дабыл қондырғысын орнатқан дұрыс» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар