+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Ақтөбеде дүкенші кассадағы ақшаны өзі «ұрлап алды»

2017 жылғы 20 желтоқсан 14:12
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде дүкенші кассадағы ақшаны өзі «ұрлап алды»

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде дүкен сатушысы полицияға жалған хабарлама беріп, кассадағы ақшаны қалтасынан салып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауылдық округінде орналасқан дүкен сатушысы полицияға телефон шалып, қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат береді. Дүкен сатушысы бетперде киген екі адам келіп, кассадағы ақшаны алып кеткенін мәлімдеген.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Дүкеншіден жауап алу кезінде оның қателескені белгілі болып, қарақшылық шабуылдың қолдан ұйымдастырылғаны анықталды. Өз жауабында, түсініктемесінде дүкенші қателесіп, кейін бейнекамераны сөндіріп тастағанын, кассадағы ақшаны өзі алғанын мойындады. Кейін күдіктіден заттай айғақ ретінде ақшаның бір бөлігі табылды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жалған ақпарат таратып, ақша ұрламақ болған дүкенші қамауда отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT