Ақтөбеде Димаштың есімімен байланысты қандай нысандар болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбеде әнші Димаш Құдайбергенге арналған музей кешені немесе оның есімімен байланысты туристік нысан ашыла ма? Облыс әкімі Оңдасын Оразалинге Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де біздің қаланың сәулеттік келбетін Димаш Құдайбергеновпен байланыстыру жоспарымызда бар. Ол – бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Бұл адам өз талантымен бүкіл елдің, соның ішінде біздің өңірдің атын шығарып жүр. Бірақ оның коммерциялық жағы, ұйымдастыру жұмыстары бар екенін түсінетін шығарсыз. Қазір оның өкілдерімен осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шынымен де, санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер алынғаннан кейін қаламыздың туристерге ең бір тартымды орны Димашпен байланысты болғанын қалаймыз», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ол Димаштың есімімен байланысты абаттандырылатын бірнеше орын таңдап алынғанын атады.

«Оның ішінде Димаштың үйі де бар. Бұл жерде әншінің өз қалауы мен еркіне де көп дүние байланысты. Бір жағынан, санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге қарамастан, осымен үшінші рет «Бақытты бала» деген Димаштың атымен байланысты фестиваль өткізіп отырмыз. Ол фестивальге ылғи өзі қатысып келеді.

Яғни, жоспар бар. Менің ойымша, біз белгілі бір келісімге келген соң, бұл жоспарды іске асырамыз», - деді Оңдасын Оразалин.


Соңғы жаңалықтар