Ақтөбеде денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтік көлігін Қарттар үйіне тапсырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қызметтік көлігінен бас тартып, қарттар үйінің игілігіне берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтар күні қызметтік көлікті қысқартуға тапсырма берді. Көліктің күтімі, жанар-жағармайына көп қаржы жұмсалады. Өзім шешім қабылдап, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне хабарладым. Менің ойымша, індет кезінде көлікке мініп, ел арасынан алшақ жүретін шақ емес. Көлік жүргізушімді жұмыстан босатып, 2018 жылы шыққан жаңа қызметтік көлігімді қаттар үйіне тапсырып отырмын. Көлік маркасы - «Toyota Camry 50». Жағдайы өте жақсы. Жасы 60-тан асқан адамдар қазір көшеде көп жүрмеуі, адам көп шоғарланатын орындарға бармауы тиіс. Оларды уақытылы емхана, ауруханаға да апару керек», - деді Рүстем Исаев. Ол енді жұмысқа жаяу баратын болды.

«Біріншіден, өзім жеке көлігіммен жүремін. Екіншіден, жұмыс орным мен үй арасы жақын. Күнде таңертең жаяу келіп, үйге жаяу барамын. Таза ауа пайдалы. Өзімнің үш орынбасарым бар. Үшеуі де өз көлігімен жүр. Ешкімнен кем емес, мемлекетке шығын келтірмейді», - дейді Р.Исаев.

«Қарттар үйінде 3 көлік бар. Науқас жандарды ауруханаға, емханаға апару үшін УАЗ көлігін пайдаланамыз. Егде жастағы қариялар үшін мініп-түсу қиын. Жеңіл көлікті бізге бергеніне өте қуаныштымыз», - деді Қарттар үйі директорының емдеу ісі жөніндегі меңгерушісі Гүлмира Нұртазина.


Соңғы жаңалықтар