Ақтөбеде демалыс күндері қай нысандар жұмысын тоқтатады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Демалыс күндері базар мен шаштараз тағы жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Демалыс күндері сауда үйлері, сауда желілері, сауда, ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтатады. Тек оның ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар жұмысын жалғастырады.
«Азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер сенбі, жексенбі күндері қызметін тоқтатады. Фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, спорттық кешендер, сауна, діни объектілер, ашық ауадағы аттракциондар жұмыс істемейді», -деп хабарлады Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар