Ақтөбеде дарынды оқушылар төбелесіп, біреуі пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатың оқушылары төбелесіп қалды. Бір оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе мектебінде тағы оқушылар төбелесіп қалды. Бұл жолы өңірдегі ең үздік, білімді балалар оқитын мектеп-интернаттың оқушылары жанжалдасып, бірі екіншісіне пышақ жарақатын салды.

«Балалар арасындағы шекісу сенбі күні тіркелді. Сол күні 9-11 сынып оқушылары үйірмеге, сабаққа келген. Сабақ үстінде бірінің қорабы төмен түсіп кетіп, оқушылар арасында балағат сөз айтылған. Бірі екіншісінің сөзін көтере алмаған секілді. Пышақ болды ма, болмады ма деген сұраққа жауап бере алмаймын. Оқушы сол күні үйіне барып, кейін ата-анасы ауруханаға жеткізді. Жәбірленуші өз үйінен келіп, оқып жүрген қала баласы. Ал жарақаттаған ауыл баласы. Ол мектептің интернатында жатып, білім алады», - деді М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатың директоры Гүлнар Тәжіғалиева.

null

Ұстаздары оқушылардың сабақ үлгерімі өте жақсы деп отыр. Ал төбелессіп қалған оқушылар 10 «А» және 10 «Ә» сыныбында оқиды. Қазір пышақ жарақатын алған оқушы облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлер ота жасап, пышақ жарақатының орнын тігіп берген.

«8 желтоқсан күні сағат 15:00-де жедел жәрдем бригадасы 16 жастағы баланы әкелді.  Науқастың айтуынша, сағат 12:00-дер шамасында Орталық базар маңында пышақ жарақатын алған. Түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Алғашқы көмек көрсетіліп, сол жақ кеуде тұсындағы жарақат жүрекке жақын болған соң ота жасалды. Қазір баланың жағдайы орташа. Пышақ қиғаш тиген екен. Тексеру кезінде пышақ 5-6 см кіргені анықталды», - деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.

null

Дәрігерлер полиция қызметкерлерін де шақырған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде қазан айында №73 орта мектепте оқушылары жанжалдасып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған болатын.

Кейін мұндай жағдайы №14 орта мектебінде тіркеліп, ата-аналары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар