Ақтөбеде дәрі-дәрмек бағасын өсірген дәріханалар анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде дәріханадағы дәрі-дәрмек бағасы тексерілді. Мониторинг тобы бағаны өсіргендерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратура, экономикалық тергеу департаменті және «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері 8 дәріханада шекті бөлшек сауда бағасын сақтау бойынша мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында 4 дәріхананың бағаны көтергені анықталды. Олар: «Актюбфармцентр» ЖШС, «Витафарм» ЖШС, «Старченко» ЖК, «Хасан Ойл» ЖШС.

«Қазір облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын бастады. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменіне 4 материал түсті. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 246 бабы 1 тармағы бойынша іс қозғалды. Жалпы департамент 94 дәріханада дәрілік заттардың 41 атауына апта сайын мониторинг жүргізеді. Сонымен бірге «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері тексеру жүргізді. Дәріхана қоймаларында 914 602 бетперде, бөлшек сауда желісінде – 22 961 бетперде бар», - деп хабарлады Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 367 дәріхана жұмыс істейді. Қалада – 277, аудан-ауылда – 90. Дәріхана және дәріхана пункттерінің қызметі – 196.


Соңғы жаңалықтар