Ақтөбеде «Даму» қоры орналасқан ғимарат опырылып, ортасына түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Даму» қоры орналасқан ғимарат шатыры опырылып, ортасына түсті. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 1 қыркүйек күні сағат 19:25-те тіркелді. Шақырту орнына 15 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.
«Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры орналасқан ғимарат ауданы - 200 шаршы метр. Оқыс жағдай болған кезде құтқару жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер бес адамға көмек көрсетті. Екі адам ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласында орналасқан екі қабатты ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың хабарлауынша, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы аса ауыр. Ал екіншісі травматолог дәрігер қараған соң үйіне жіберілді.


Соңғы жаңалықтар