+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Ақтөбеде цистернадан төгілген жанармай 945 шаршы метр аумаққа жайылған

2021 жылғы 2 наурыз 00:51
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде цистернадан төгілген жанармай 945 шаршы метр аумаққа жайылған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 22 вагон рельстен шығып, жанар-жағармай жерге төгілді. Экологтар топырақтан сынама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да алдағы 5 жылда 20 мың га алқапқа 100 млн көшет отырғызылмақ ШҚО-да су тасқыны қаупіне орай өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізілді БҰҰ елдерінің жастарымен бірлесіп экологиялық акция өткізуді ұсындық - Аида Балаева

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Ұлпан станциясында 22 вагоны рельстен шығып кетті. Жедел түрде оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК АҚ-нан 65 қызметкер және 2 қалпына келтіру, 2 өрт сөндіру пойызы, төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Рельстен шыққан 13 цистернаның жетеуіндегі бензин, дизельді отын төгілді. Осы оқиғаға байланысты экологтар да тергеуді бастады.

«Ақтөбе облыстық экология департаментінің мамандары оқиға орнына барды. Тексеру кезінде дизельді отын мен бензиннің төгілгені анықталды. Ластанған жер көлемі өлшенді. Есеп бойынша 945 шаршы метр аумаққа жанар-жағармай төгілген. Топырақ сынамасы да алынды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы басталды. Жоспардан тыс тексерудің қорытындысы қосымша хабарланады», -деді облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT