Ақтөбеде цифрлық қызметтер орталығы ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автоматтандырылған қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбе қаласында екінші цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығын ашты.

«Мемлекеттік корпорация республика бойынша жаңа үлгідегі фронт-офистердің қатарын көбейтіп жатыр. Бұл орталықтардың жұмысы толығымен автоматтандырылған.Мұнда азаматтар өз бетінше, операторлардың көмегінсіз қажетті қызметтерді алып, өзінің цифрлық сауаттылығын арттыра алады. Арнайы жабдықталған оқу сыныптарында кез келген қызмет алушы egovkzbot2.0 телеграмм-бот және eGovMobile мобильді қосымшасын пайдалануды үйренеді. Оқу кестеге сәйкес сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ерлан Карастеков.Айта кетейік, Ақтөбе облысында ХҚО операторлары арқылы рәсімделген өтінімдер саны азайған. Бұл азаматтардың қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алуына байланысты болып отыр. Мәселен, жыл басынан бері мемлекеттік корпорацияның филиалы 1 млн 200 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 700 мыңнан астамы электронды нұсқаны қолданды. Ал 400 мыңнан аса тұрғын ЭЦҚ алып, 453 мың азамат мобильдік азаматтар базасына тіркелді.

Соңғы жаңалықтар