Ақтөбеде бұрынғы шенеунік адам зорлауға оқталды деген күдікке ілікті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Алмат Ермағамбетов 7 миллион теңге беріп, екі қызын Назарбаев университеті мен мектебіне орналастырмақ болған. Бірақ ол алданып қалып, жұмысынан қуылды. Қазір «Алаяқтық» бабы бойынша сот алдында жауап беріп жатқан сотталушы «Ермағамбетов зорлауға оқталды» деп шенеуніктің үстінен арыз жазды. Іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2014 жылдан бері басшының орынбасары қызметін атқарған Алмат Ермағамбетовтың басы дауға қалды. Үш ісі бойынша Ермағамбетовты қорғап жүрген адвокаты Раушан Ізтілеуованың айтуынша, 7 миллион теңгеден астам ақша алып, қыздарын Назарбаев университеті мен мектебіндегі курста оқытуға уәде берген Ботагөз Биекенова «зорлауға оқталды» деп қарсы арыз жазып, Заречный полиция бөлімі істі тергеуді бастаған.

«Б.Биекенова 5 адамды алдаған. «Алаяқтық» бабы бойынша сот алында жауап беріп жатқан ол менің қорғауымдағы Алмат Ермағамбетовтың үстінен қарсы арыз түсірді. «Жыныстық қатынасқа түсуге оқталды» деп шағымданған. Алғашында істі полиция тергеді. Қазір Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп жатыр»,- деді қорғаушы Раушан Ізтілеуова.

Оның айтуынша, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Алмат Ермағамбетов қыздарының болашағын ойлап, университет пен мектепке тегін түсіруді емес, сол оқу орындарында білім алуы үшін арнайы курстан өтуді қалаған екен. Ал ол қызмет университет жанында ақылы болған. «Отағасы А.Ермағамбетов балаларының болашағы үшін олардың жақсы оқу орнында білім алғанын қалады. Сөйтіп, туыстарынан, таныстарынан ақша алып, Б.Биекеноваға ақша берді. Ал ол адамды алдай алады. Жақсы киінген, адамдардың сеніміне кірген. Алданған адам бесеу, ал ел аузында тек бұрын мемлекеттік қызметкер болған Ермағамбетов жүр. Бұл дұрыс емес»,- деді Р.Ізтілеуова.

Айта кетейік, Алмат Ермағамбетовке қатысты екі іс сотта қаралып жатыр. Ол берген ақшасын өндіріп алу үшін арызданды . 

Азаматтық істе, жұмысына қайта орналасуды талап етіп отыр. Ал үшінші қылмыстық іс бойынша, яғни, «адам зорлауға оқталды» деген айып бойынша тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар