Ақтөбеде букмекерлік кеңсені тонаушылар видеоға түсіп қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде букмекерлік кеңседен 200 мың теңгеден астам қаржыны ұрлап кеткен күдіктілер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу шағын ауданында букмекерлік кеңсе тоналды. 29 қараша күні түнгі сағат 3:30 шамасында кеңсеге бетперде киіп кірген үш адам қызметкерлерді қарумен қорқытқан болуы мүмкін.

«29 қарашада түнде кеңсеге кірген үш адамда бетперде болған. Олардың біреуі медициналық бетпердемен бетін жасырған. Тонаушылар тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадағы 200 мың теңгеден астам ақшаны алып кетті. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері бір аптадан бері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Букмекерлік кеңсені тонап кеткендер әлі ұсталған жоқ. Үш күдікті кірген кезде күзет қызметінің қорғанатын қаруы болмаған.

Видео дерзкого ограбления появилось в Казнете По предварительным данным, инцидент произошел в Актобе. Другие подробности выясняются.

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kz) Дек 4 2017 в 5:57 PST

Соңғы жаңалықтар