Ақтөбеде боран күшейіп, бірнеше бағытта жол жабылды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Самара-Шымкент, Ақтөбе-Орск бағытындағы тасжолдың бірнеше бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 19:30-да боран күшейіп, облыстық маңызы бар «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» тас жолының 42 шақырымынан 93 шақырымына дейінгі аралықта барлық автокөлік түріне қозғалыс тоқтатылды.

Сонымен бірге сағат 20:30-да республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орск тасжолының Шәмші Қалдаяқов ауылы мен Ресейдің Орск қаласына дейінгі аралығы жабылды.

Мұнда да барлық көлік жүрмейді.

«Самара-Шымкент» тасжолының Қобда ауданынан Ақтөбе қаласына дейін және Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығы жабылды. Мұнда да боран соғып тұр. Жел күшейді. Жолдағы қозғалыс көрінбей, Дөң-Бадамша бағытына да шектеу қойылды«,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ал Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі жолдағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.

Еске салсақ, бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының реттелуіне байланысты төрт облысда жол ашылғанын мәлім етті.

Жолшылар күре жолдарды қардан тазартып, көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуді жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар