Ақтөбеде Бөгенбай батырдың ескерткішін салу жұмыстары басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде әйгілі қазақ батырларының бірі - Бөгенбайға ескерткіш орнату жұмыстары басталды. Ескерткіш әуежай маңында жергілікті және Қазақстанның өзге де өңірлеріндегі кәсіпкерлердің қаржысына салынбақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс жүретін алаңды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев келіп көрді.

«Іргесі граниттен тұрғызылып, мүсіні қоладан жасалған ескерткіштің биіктігі 16 метрден асады. Ескеркіштің құны 150 млн теңгеден көп. Ескерткіштің артына Бөгенбай батыр қол бастаған, қазақтың үш жүзінің басы біріккен тарихи кезеңдерді бейнелейтін панорама қойылады. Ескерткіште батыр қолына семсер емес қазақ ұлттық әскерінің туын ұстап тұрады»,-деді Ескерткіш құрылысы жөніндегі қоғамдық кеңестің басшысы Мәлік Жәкеев.

Ескерткіштің маңындағы 1,5 гектар жер көгалдандырылып, онда балалар және спорт алаңдары, көліктер тұрақтайтын орын салынады. Ал бұл мақсатқа қаржыны жергілікті билік бөледі.

Соңғы жаңалықтар