+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ақтөбеде блокпосттарды айналып өтпек болған адамдар көбейді

2020 жылғы 8 сәуір 20:23
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде блокпосттарды айналып өтпек болған адамдар көбейді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 218 төтенше жағдай режимін бұзу дерегі тіркелді. Блокпостты айналып жүрмек болған жүргізушілер қатары артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «ТЖ режимін бұзу» бабы бойынша 200 дерек тіркелді. Оның ішінде 39 адам қамалып, 103-не айыппұл салынды. 13 ескерту беріліп, 57 материал сотқа жіберілді. Ал осы Кодекстің «ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бабы бойынша 18 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде 11-не айыппұл салынды, 6 адам қамалды, бір материал сотқа жіберілді.

«Азамат блокпосттарды айналып өтпек болып жатыр. Мұндай 13 дерек анықталды. Оның ішінде 4 адам қамалып, біреуіне айыппұл салынды. Тағы 8 материал сотқа жіберілді. Сонымен бірге полиция қызметкерлері волонтерлермен бірге күн сайын қала көшелері мен аулаларды бақылап жүр. Карантин енгізілген сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзудың 40 фактісі тіркелді. Арнайы рұқсаты жоқ 8 адам қамалды, біреуіне айыппұл салынды. Полиция департаменті қала тұрғындарын түсіністікпен қарап, үйден шықпауға кеңес береді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT